2017 ЖЫЛҒЫ 28 СӘУІРІНДЕ АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАРЫЛЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ЖОСПАРЛЫ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

 2017 ЖЫЛҒЫ 28 СӘУІРІНДЕ АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАРЫЛЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ЖОСПАРЛЫ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Жарылыс істері жөніндегі кеңесті құру, оның ережесі мен құрамы Комитеттің 2015 жылғы 22 шілдедегі № 67 бұйрығымен бекітілген. Аталған Кеңес консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Кеңестің күн тәртібі мынадай өзекті мәселелерді қарастыруды көздеді:

1. Қызметі өнеркәсіптік мақсаттағы жарылыс материалдары айналымымен байланысты ұйымдардың өзекті мәселелері;

2. Өнеркәсіп деңгейінде ЖМ электронды есеп жүйесін енгізу және ЖМ маркалау саласында өнеркәсіп кәсіпорындарында жүргізілетін жұмыс туралы талдау;

3. Комитет жанындағы жарылыс ісі жөнінде Кеңестің қызметі бойынша мәселелер, оның құрамына қосымшалар мен өзгерістер енгізу.

Сондай-ақ, Жарылыс істері жөніндегі Кеңес отырысының жұмысына Инвестициялар және даму министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Террорға қарсы орталықтың, жару жұмыстарын жүргізуші тау-кен өндіруші кәсіпорындардың, елдің мамандандырылған салалық ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының, ЖМ дайындаушы елдердің өкілдері қатысты.

Жарылыс істері жөніндегі кеңес отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді қарастыру және талқылау қорытындысы бойынша оның мүшелері жару жұмыстарын жүргізетін және жарылғыш материалдармен жұмыс істейтін қауіпті өндірістік нысандарындағы апаттар мен өндірістік жарақаттануды азайтуға бағытталған бірлескен шешіммен қабылданған хаттамаға қол қойды.