Германияда Қазақстан экономикасының апталығы өтіп жатыр. Іс-шара германиялық экономикасы шығыс комитетінің төрағасы Вольфганга Бюхеленің желтоқсан айына жоспарланған бірінші іс-сапарының қарсаңында ұйымдастырылуда.
Қазақстан экономикасы апталығы шеңберінде Германияның іскерлер ортасының өкілдерімен Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде дөңгелек үстел өтті. Қазақстандық делегация Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевтың басшылығымен Қазақстандағы инвестициялық климат жайында, көлік-транзиті секторындағы бірлескен жобалар, жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуына неміс компанияларының қатысу мүмкіншіліктері туралы баяндап берді. Сондай-ақ, Үшінші өнеркәсіптік революция және «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде неміс технологияларын трансферттеу мәселелері талқыланды.
Өз кезегінде неміс бизнесмендері алдағы жоспарлары туралы бөлісті. Европа елдері бойынша «BASF» компаниясының президенті Қазақстан аумағында инвестициялық қызметтің кеңейтілуі қарастырылған Орталық Азияда бизнесті дамыту жөнінде Стратегиялық жоспар қабылданғанын хабарлады. Мысал ретінде мұнай-газ саласында техникалық-экономикалық негіздеме әзірленетін катализаторларды өндіру жөніндегі жоба айтылды.
«BilfingerSE» Басқарма төрағасы Том Блейдс алдыңғы қатарлы неміс технологияларын пайдалана отырып индустрияландыру шеңберінде компанияның Қазақстандық өндірістік объектілерді модернизациялау жөніндегі жобаларға, сондай-ақ, Жекешелендіру бағдарламасы мен ҚР инфрақұрылымдық жобаларға қатысу,а қызығушылық танытты. Осы мақсатта компания басшылығы ынтымақтастық жөніндегі келіссөздер жүргізу үшін жұмыс бабымен Қазақстанға сапарлап келуге ниетті.
«Thyssen-Krupp»компаниясының басқарма басшысы Клаус Потхофф ҚР және ГФР арасындағы шикізаттық және технологиялық әріптестіктің артықшылығы туралы хабарлады және бірнеше мысалдар келтірді. Оның көзқарасы бойынша бұл бағдарлама бойынша келісімдер жылдам іске асырылмаса да, ұзақмерзімді және сапалы негізде.
Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-герман іскерлік кеңесінің тең төрағасы, Deutsche Bank Орталық және Шығыс Еуропа бойынша басқарушы директор Питер Тильс екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастарда бірлесіп белсенді түрде іске асырылуы керек үлкен және толықтай ашылмаған әлеуеті бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл үшін барлық қажетті жағдайлар бар - тиімді институционалды база, Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал, білікті еңбек, бай табиғи ресурс, саяси тұрақтылық және ең бастысы - өзара бизнестің қызығушылығын арттыру.
Фото: www.inform.kz