2021 жылы 11 маусымда жұмыс кездесуі шеңберінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мамандары "SGS Kazakhstan LTD" компаниясына барды.
Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың "Аттракциондар қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің ( ЕАЭО ТР 038/2016) қауіпсіздік талаптарына қатысты бірқатар мәселелер қаралып, талқыланды.
"Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті ( ЕАЭО ТР 038/2016) 2016 жылғы 18 сәуірде қабылданды және ол аттракциондарға, оның ішінде: шолу дөңгелектері, катапульттар, әткеншектер, картингтер, төбешіктер, электромобильдер, су аттракциондары, тіпті үрлемелі батуттарға да қолданылады.
Бұдан басқа, техникалық регламент адамның өмірі мен денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушыларды адастыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында Аттракциондардың қауіпсіздігіне және олармен байланысты жобалау, дайындау, монтаждау (құрастыру, орнату), баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату процестеріне қажетті талаптарды белгілейді.
Кездесу қорытындысы бойынша қауіпсіздік талаптары бойынша аттракциондарды сынақтан өткізу үшін зертхананы кеңейту мәселесі бойынша пікір алмасу және нәтижелі әңгіме өтті.