МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР МЕН НОРМАЛАРДЫҢ ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ

МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР МЕН НОРМАЛАРДЫҢ ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ

2017 жылғы 12-ші  сәуір күні Қазақстар Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасымен, аудандық денсаулық сақтау мекемелерімен бейнеконференция арқылы, ал кейін Петропавл қаласының медициналық мекеме өкілдерімен (аураханалар, емханалар, жеке меншік медициналық мекемелер, медициналық жабдықтарды жеткізушілер, медициналық зертханалдармен) бірлесе отыра  кеңес өткізді.  Оның негізгі мақсаты өлшеу құралдарын пайдалану кезінде нормалар мен ережелердің метрологиялық талаптарын түсіндіру,  денсаулық сақтау мекемелерінде сәйкестікті бағалау саласындағы біліктіліктің жоғарылауы.

Кездесу барысында денсаулық сақтау мекемелерінде мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүргізілу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімі, медициналық зертханаларды аккредиттеу сияқты сұрақтар талқыланған болатын.

Денсаулық сақтау жүйесінде метрологиялық қамтамасыз ету, консервация, техмедсервис, медициналық жабдықтарды өлшеу құралдарының мемлекеттік сатып алуын ұйымдастыру, сонымен қоса  ҚР СТР ISO 15 189 енгізу арқылы сенімділікті арттыру, қадағалану, зерттеу нәтижелерін тану сұрақтары қаралып өтті.

Өте қызықты пікірталас болып өтті, нәтижесінде мұндай кездесулерді жүйелі өткізіп отыру тілектері айтылды.

Кездесу соңында жиналған қауым осы мәселелер бойынша пікір алмасты, мұндай іс-шаралардың қажет екендігін, сондай-ақ оқыту семинарларын өткізудің қажеттілігін атап көрсетті.