МИНИСТРЛІК АЛАҢЫНДА САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

МИНИСТРЛІК АЛАҢЫНДА САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2017 жылы 14 маусымда министрлік алаңында Сараптамалық кеңестің отырысы өтті. Онда министрліктің жеке кәсіпкерлік субъектілерімен нормашығармашылық қызметіндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Бұдан басқа кездесу барысында кеңес мүшелеріне жаңадан аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері таныстырылды.

Ағымдағы жылдың мамырында жеке кәсіпкерлік субъектілерін аккредиттеу бойынша жұмыс жүргізілген және бүгінгі күні Инвестициялар және даму министрлігінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 47  бірлестігі аккредиттелген.

Отырыста нормативтік құқықтық актілер жобаларын келісу барысында туындайтын мәселелер, ағымдағы жағдай мен  алдағы уақыттағы нормашығармашылық қызметке қатысты міндеттер қарастырылды.

Сараптамалық кеңестің келесі отырысын 2017 жылы тамыз айында өткізу жоспарланып отыр.