АСТАНАДА ЕЛОРДАНЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

АСТАНАДА ЕЛОРДАНЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Астанада жыл сайын ұйымдастырлатын «Қазақстанның үздік тауары» көрме байқауының өңірлік іріктеу кезеңі өтті.

Өңірлік кезең барысында, Техникалық реттеу және метрология комитетінің өкілдері кіркеген комиссия Елордада шығарылатын тауарлардың ішінен үш аталым бойынша үздігін анықтады: 

·        «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар»

·        «Халыққа арналған үздік тауар»

·        «Үздік азық-түлік тауары» 

Көрме байқауында елорданың 40-тан астам компаниясы бақ сынап отыр. Олардың қатарында 14 компания «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымына таласса, 20 компания «Халыққа арналған үздік тауар» аталымына өтінім берген, сондай-ақ, 8 компания «Үздік азық-түлік тауары» аталымына қатысады.

Көрме байқауына трансформаторлық қосалқы станция, құбыр, құрылыс қоспалары, пластик карта мен арнайы киім шығаратын, сондай-ақ биопакет, мүгедек арбасын, төсек жабдықтары мен халық тұтынатын өзге де тауарларды дайындайтын компаниялар қатысады.

Компаниялар қатарында бірінші рет қатысып отырғандар да, бұрынырақ бақ сынағандар да бар. Мысал ретінде 2005 жылы құрылған «Спецэлектра» ЖШС айтуға болады. Компания электронтехникалық өнімдерді шығарумен және сатумен айналысады, трансформаторлық қосалқы станция жиынтығын бетон корпуста шығару саласының көш басында тұр. Былтыр компания «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымында 3-орынды иеленді.

«Астана электротехникалық зауыты» ЖШС 2012 жылдан бері еліміздің өнеркәсіптік секторына сапалы және сұраныстағы электротехникалық жабдық шығаратын өндіруші ретінде көрсетті. Жыл өткен сайын компания шығарылатын тауар сұрыпталымын арттыруға талпынып келеді. Бүгінде 60-қа жуық тауар атылымы бар. Зауыт шығаратын өнім сертификатталған, сапа және шыққан жерін нақтылайтын «СТ-KZ» сертификатын алған, зауыт трансформаторлық қосалқы станция жиынтығын, жоғары вольтты ұяшықтар мен бөлу қалқандары және т.б. шығаратын отандық өндіруші ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ реестріне енгізілген.

Жаңадан қатысушылар қатарында газ құбырлары үшін полиэтилденті фитингтер өндірумен, тау-кен қазу және уран өндіру өндірісімен айналысатын «KazFriaPlast» ЖШС бар, сонымен қатар желдету мен кондиционерлеу жүйесі үшін жиынтықтарды шығаруші әрі жеткізуші, сондай-ақ ауа өткізгіштер мен қалыпқа келтірілген бұйымдарды дайындайтын, дыбысты басатын, желдететін торлар, ауа сорғыш жабдықтарын дайындайтын «Termo Teknik»  ЖШС,  сапа бақылауына шығарылды. Резіңке мен пластмасса бұйымдарын шығаратын «Industrial Company «ZOOM» ЖШС бар.