
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент қызметкерлері, «КазСтИн» РМК Қызылорда өкілдігімен 2017 жылдың 25-ші шілдесінде «Озық» ЖШС-не нормативтік құжаттардың талаптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін аралады. «Озық» ЖШС тігін фабрикасы 1993 жылдың 1-қарашасыннан бастап өз қызметін атқарып келеді.Негізгі қызметі арнайы киім (спецодежды) фирмалық киім-кешек тігу болып табылады. Тігін фабрикасында жұмыс атқратындардың саны -200 адам. Өнеркәсіпте тері-тігін өндірісін өндіру мамандар және білікті қызметкер жұмыс жасайды. Өнеркәсіпте 4 тігін цехы, 2 киім пішу, 1сынақ цехы және тон шығарушы цехтары бар. 2006 жылы жоғары компьютермен басқарып тігетін машиналы тігін цехы ашылды. Қолданыстағы технология көпфункционалды қиын тігіндерді, суреттер, оюлар, кез-келген компанияның сәнін келтіретін фирмалық үлгілердегі логотиптерді тігуде мүмкіндігі зор. Бүгінгі таңда 150 атаулы бұйымдарды ұсынады. Жаңа модельді киім шығару алдында жаңа заманауи үлгілермен, тұтынушының ойы мен тілегін ескереді. Компания тек отандық және ресейлік өндрішілердің сапалы материалдарын қолданады. Арнайы киім тігу үшін аралас мата ұрпаққа беріледі, сіңдіру әдісімен өңделеді. «Озық» ЖШС 2005 жылы ИСО 9001-2001 сапа жүйесін енгізді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесі Мемлекеттік реестрде тіркелген. 2010 жылы бастап СТ РК ИСО 9001-2009 менеджмент жүйесінің сапасы бойынша жұмыс жасайды. «Озық» ЖШС-і облыстық және республикалық көрмелердің тұрақты қатысушысы.