Кәсіпорындағы кездесу туралы

Кәсіпорындағы кездесу туралы

Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Қазақстан стандарттау  және метрология институты РМК Қызылорда филиалының өкілдерімен бірлесіп, техникалық реттеу және метрология саласы бойынша нормативтік құжаттардың талаптарын түсіндіру мақсатында "Сыр Арал Сараптама» ЖШС -ның сынақ зертханасында кездесу өткізді.

Іc-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының жаңа редакциядағы

қабылданған «Техникалық реттеу туралы» Заңы, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» және «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» ҚР Заңдарына енгізілген өзгерістер бойынша ақпараттандыру және түсіндіру.

"Сыр Арал Сараптама» ЖШС келесі қызмет түрлерімен айналысады:

- өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын құру;

- «атмосфералық қысым, ауа ылғалдылығы, жел бағыты, ауа температурасы» метеорологиялық параметрлерін автоматты режимде жүргізу;

- атмосфералық ауаны, жұмыс аймағындағы ауаны және өндірістік ауаны сынақтан өткізу;

- физикалық факторлармен аспаптық өлшеу жүргізу (шу, діріл, иондаушы және электромагниттік сәулелену, жарықтандыру);

- тұрғын, өндірістік, санитарлық-қорғаныш аймағының аумағында радиометриялық және дозиметриялық өлшеулер жүргізу.

Сынақ зертханасының бұзбайтын сынаулар мен қоршаған орта мониторингіне арналған МЕМСТ ISO / IEC 17025-2019 талаптарына сәйкес № KZ.T.12.1553 акредиттеу туралы аттестаты бар.

Кездесу  барысында департаменттің бас маманы Айгүл Абдукаримова мемлекеттік метрологиялық бақылау туралы, жаңа редакцияда қабылданған «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер бойынша,    филиалдың бас маманы Нұржамал Жалғасбаева нормативтік құжаттарды  интернет-дүкеннен алу, өзектендіру механизмдері туралы түсініктеме берді.

Кездесу барысында қатысушылардан түскен сұрақтарға толығымен жауаптар берілді.