ЖАЙЫҚ-КАСПИЙ КАНАЛЫНЫҢ ТҮБІН ТЕРЕҢДЕТУ ЖЫЛЫНА 100-120 МЫҢ ТОННА ЖҮК ТАСЫМАЛДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

ЖАЙЫҚ-КАСПИЙ КАНАЛЫНЫҢ ТҮБІН ТЕРЕҢДЕТУ ЖЫЛЫНА 100-120 МЫҢ ТОННА ЖҮК ТАСЫМАЛДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Каспий теңізінің қазақстандық секторында жұмыс атқаратын компанияларды тұрақты көліктік қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында Жайық бассейніндегі кәсіпорындармен 2017 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс шегінде Жайық-Каспий каналының түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу қарастырылып отыр.

Экологиялық кодекс талаптарын ескере отырып, жұмыстарды шілде айының үшінші онкүндігінен бастап қазан айының аяғына дейін жүргізу жоспарланған.  

Жайық-Каспий каналының өзен бөлігінде түбін тереңдету жұмыстары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті «Қазақстан су жолдары» РМҚК техникалық флот кемелерімен жүргізілуде. Жұмыс жүргізуге «ПК-1» жүзу краны және «Батыр» сүйрегіші жұмылдырылған. Ағымдағы жылғы 27 шілде бойынша орындалған жұмыстар көлемі 4 152 м3  құрайды. Каналдағы жұмыстарды аяқтауға дейін 500 000 м3 көлемінде түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу – канал арқылы жылына 100-120 мың тонна жүк тасымалдауға мүмкіндік береді.