«Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ АФ-да түсіндіру жұмыстары жүргізілді

«Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ АФ-да түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2021 жылғы 5 мамырында бару арқылы профилактикалық бақылау шеңберінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мамандары «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ АФ-да түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мамандары техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнаманы, сондай-ақ ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің жаңа талаптарын түсіндірді.

Қатысушыларға Қазақстан Республикасында өнімдердің, қызметтердің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің құқықтық негіздері түсіндірілді.

Бұдан басқа, аккредиттеу субъектісіне Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу туралы және салыстырып-тексеруді өткізу кезінде сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау бойынша түсініктемелер берілді, оны сақтамағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.