Техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін өнім туралы

Техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін өнім туралы

Ағымдағы жылдың 5 мамырында қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында ҚР СИМ Техникалық реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бибігүл Омарова  ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің техникалық регламентке сәйкес келмейтін өнімдерді бақылау нәтижелеріне арналған онлайн-отырысында  сөз сөйледі. Кездесуге сондай-ақ Алматы облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Алмат Бакиров,  ҚР ДСМ СЭК Алматы облысы бойынша департамент басшысының  орынбасары Гаухар Каткенова және облыстың кәсіпкерлік субъектілері қатысты.

Бибігүл Омарова өз сөзінде кәсіпкерлік субъектілерді техникалық реттеу саласындағы инновациялар туралы және пилоттық режимде сәйкестікті растау саласындағы электрондық сертификаттау қызметін іске қосу туралы хабардар етті. Электрондық сертификаттау сертификаттауға өтінімдерді тәулік бойы онлайн режимінде беруге және қабылдауға, өтінімдерді өңдеуге және жаңа формада электрондық сәйкестік сертификатын жасауға мүмкіндік береді. Сәйкестік сертификатының жаңа нысаны қатаң есептілік бланкілерін сатып алу қажеттілігінен арылтады. Ол сонымен қатар ақпараттық мақсатта аккредиттеу субъектілері мен үміткерлерге бірқатар тренингтік веб-семинарлар өткізілетіндігін  және мәселелерді жедел  шешу  үшін 7 (7172) 98-37-39 (Айдос Нурышев, ҰӘО), https://t.me/qazcertification-телеграмм-чат, cert@nca.kz электронды пошта арқылы байланысу мүмкіндігін айтып өтті. Ол сондай-ақ жиналыстың барлық қатысушыларын осы бағытта белсенді болуға шақырды. Пилоттық жобаның шеңберінде жүйені жетілдіру бойынша ұсыныстарды барынша көп жинау жоспарланып отыр деді ол.

Кездесу техникалық реттеу саласында да, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сәйкес келуінде де қызығушылық туғызатын пікірлер мен сұрақтар алмасу форматында өтті.