АККРЕДИТТЕУ (лат.”accredo” – сену)– жалпы айтқанда, нәтижесінде көрсетілетін қызметтер сапасының тиісті талаптарға сәйкестігін ресми растауға қол жеткізетін процесс. Аккредиттеу, әдетте, тұтынушының жеткілікті құзіреттілігі жоқ кәсіби қызмет көрсету саласындағы сапаны бағалау үшін кең таралған.
СӘЙКЕСТІКТІ БАҒАЛАУ АЯСЫНДАҒЫ АККРЕДИТТЕУ - аккредиттеу жөніндегі орган (сәйкестікті бағалау бойынша органнның) өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін ресми танитын рәсім.
Зертхананы, сертификаттау жөніндегі орган немесе инспекция органын аккредиттеу дегеніміз техникалық қызметкерлердің қандай да бір қызмет түрін атқаруға біліктілігін тексеру,осы қызметті басқару жүйесін бағалау, сонымен қатар қажетті құрылғылар және әдістермен қамтамасыз етілуін жеткілікті деңгейде қатаң тексеруді білдіреді.
Аккредиттеудің сертификаттаудан айырмашылығы қандай? Аккредиттеу – органдардың талапқа сәйкес бағалауда сапа менеджмент жүйесі бар және аккредиттеу аймағындағы талаптарға сәйкес жұмыс жасай алатыны туралы құзыретті органдарымен расталған жүйе болып табылса, сертификаттау - өнімдер, басқару жүйесі мен кадр бөлімінің белгілі бір талаптарға сай екенін жазбаша түрде, үшінші жақ тарапынан расталуы.
Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының аймағында аккредиттеумен Ұлттық аккредиттеу орталығы айналысады (ҰАО) - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген сәйкестікті бағалау саласындағы бірыңғай ұлттық аккредиттеу органы (2008 жылдың 27 тамыздан «Аккредиттеуден органдарын анықтау туралы» ҚР Үкіметінің №773 қаулысы). ҰАО өз қызметін төмендегіге сәйкес жүзеге асырады:
ҰАО негізгі миссиясы қоршаған орта мен адам денсаулығы мен өмір процестеріне қажет өнімдерді қауіпсіз түрде жеткізу талап бағаларына сәйкес органдарының техникалық құзыреттілігін растау.
Әлемдік нарықтарында Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, халықаралық процестерді, сауда қатынастарын кеңейту және дамыту, сапа және бағалау сәйкестікті, техникалық реттеу жүйесінде аккредиттеу рөлін белсендіру қажет. Бұл қадамдар қазақстандық өнім өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, шетелде қайта сынаудан өткізу құнын азайтуға мүмкіндік береді.
Бүкіл әлем бойынша, ұқсас қызметтер бар елдерде жыл сайын «Аккредиттеу күні» 9 маусым күні атап өтіледі.
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің
бас маманы – Ақмола облысының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы
Сейдалин Нурлан Абаевич