
2017 жылдың 21 тамызында Қызылорда қаласында 061 бюджеттік бағдарламасы аясында, «Кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізу» тақырыбындағы Аймақтық оқыту семинары өтті.
Семинар ұйымдастырушылары: «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті» ММ және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК.
Аймақтық (салалық) семинардың мақсаты: 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға арналған іс-шара жоспары, Техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру жөніндегі 2020 жылға дейінгі кешенді жоспарын жүзеге асыру болып табылады.
Шағын және орта бизнес, ірі кәсіпорындарының, қоғамдық ұйымдар мен жергілікті мемлекеттік басқару өкілдерінің арасында менеджмент жүйесіндегі мемлекеттік саясатты насихаттау, техникалық реттеу және менеджмент жүйесі салалары мамандарының білім дәрежесін арттыру.
Кіріспе сөзбен семинарды «Техникалық реттеу және метрология Комитеті» Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Кеулімжаев Ерқанат Бозқұланұлы, Қызылорда облысы бойынша Кәсіпкерлер Палатасының сарапшысы Танатова Гульдана Яхиевна және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының құзіреттілікті көтеру бағдарламалары бойынша бас менеджері Қожаниязова Анар ашты.
Семинардың баяндамашысы: «ҚазСтИн» РМК Оңтүстік Қазақстан филиалының директоры, менеджмент жүйелері бойынша эксперт-аудитор Бейсеев Сәкен Ануарбекович.
Семинарда төмендегі сұрақтар қаралды:
- ISO 31000 «Тәуекелдік менеджменті. Принциптері мен басшылық нұсқаулары». Тәуекелдікті басқару үрдісі және құрылымы. Тәуекелдікті басқару инфраструктурасы. Тәуекелдікті басқару бойынша саясатты бекіту. Мониторинг және бақылау;
- ISO/TR 31004:2013 «Тәуекелдік менеджменті. ISO 31000 енгізу бойынша нұсқаулық». Құрылымдық тәсіл. ISO 31000 базалық концепциялары. ISO 31000 принциптері бойынша қосымша нұсқаулық. Тәуекелдікті бақылау негіздері;
- ISO 37001 «Парақорлыққа қарсы күрес менеджмент жүйесі. Қолдану бойынша талаптар мен нұсқаулық». Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды басқару жүйесін дайындау және енгізу. Ұйымның контекстін анықтау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат. Бақылау құралдарын бағалау критерийлері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды басқару жүйесіне қызмет көрсету және оны жақсарту. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды басқару жүйесін дайындау және енгізу. Ұйымның контекстін анықтау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат.
Семинарға мекемелер өкілдері, аккредиттелген СРБ мамандары, СО/СЗ өкілдері, кәсіпкерлер/өндірушілер өкілдері – сапа жөніндегі мамандар, орта буын және жоғары буын басшылары, аудиторлар және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері қатысты.
Осы өткізілген іс-шараны жариялау, сонымен қатар отандық кәсіпорындарда менеджмент жүйелерін енгізуді насихаттау мақсатында қоғамдық-бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Аймақтық (салалық) семинар өткізудің қорытынды мақсаты - Менеджмент жүйесін енгізген және халықаралық стандарттарға сәйкес сертификатталған мекемелер, отандық ірі, орта және шағын бизнес кәсіпорындар санын арттыру болып табылады. Менеджмент жүйесін енгізіп онымен жұмыс жасау арқылы, мекемелер, отандық ірі, орта және шағын бизнес кәсіпорындары, бірыңғай Экономикалық кеңістікте, Қазақстандық бизнес ортасында өзіндік орнын табуға мүмкіндік береді.
Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар табысталды.