«БИОЭТАНОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР»

«БИОЭТАНОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР»

2011 жылдың 24 ақпандағы «Биодизель қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» туралы ҚР ТР Техникалық регламенті күшіне енді.     

Осы Техникалық регламент Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына (КО СЭҚ БТН) сәйкес «80 (көл.) % немесе одан көп болатын денатуратталмаған этил спирті; денатуратталмаған кез келген концентрациядағы этил спирті және өзге де спирттер» 22-тобының 2207-кіші тобына кіретін өндірілетін (әзірленетін) және әкелінетін (импортталатын) биоэтанол қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді. 

2. Биоэтанол өндірісі және айналымы кезінде: 

1) химиялық препараттарды және реактивтерді абайсыз қолдану; 

2) биоэтанолды өндіру, қолдану, тасымалдау, буып-түю және сақтау кезінде отты абайсыз қолдану; 

3) орамның герметикалық еместігі және төгілуі; 

4) қоршаған ортаның, жабдықтардың үстіңгі бетінің жоғары немесе төмен температурасы; 

5) жылудың артық мөлшері бөлінетін, қауіпті пайдалану процестері; 

6) отынды басқа сұйықтықтармен араластыру; 

7) биоэтанолдың ауыз суға түсуі; 

8) көзге, ішек-қарын жолына, шырышты қабыршаққа және адам терісіне түсуі қауіпті факторлар болып табылады.   

Егер кәдеге жаратылуы жоғары экологиялық тәуекелмен ұштасқан қалдықтардың пайда болуына немесе экономикалық жөнсіздікке әкелетін болса, биоэтанолды әкелуге шектеу қойылады немесе толық тыйым салынады. 

Дайындаушы беретін биоэтанол паспортына кәсіпорынның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам қол қояды және мөрмен куәландырылады. 

Биоэтанолдың пайдалану сапасын жақсарту үшін зиянды жанама әсерін тигізбейтін 

бүлінуге қарсы, жуғыш және көп функционалды телімдерді қолдануға рұқсат етіледі. 

Сақтау үшін осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес келетін және тауар 

тізбегінің қадағалануын қамтамасыз ететін құжаттары бар биоэтанол қабылданады. 

Биоэтанолды сақтауға арналған үй-жайларды, ғимараттарды және құрылыстарды «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысына және «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 796 қаулысына сәйкес жарамды бастапқы өрт сөндіру құралдарымен, сондай-ақ автоматты өрт дабылдарымен және автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен қамтамасыз ету қажет. 

Биоэтанолды тасымалдау арнайы жабдықталған және тиісті көлік түрін қолданылатын қауіпті жүктерді тасымалдауға қойылатын талаптарға сәйкес тасымалдауға рұқсат етілген көлік арқылы жүзеге асырылады. Отыны бар көліктік ыдыс пломбаланған болуы тиіс. 

Биоэтанол міндетті сертификаттау объектісі болып табылады. 

Биоэтанол сәйкестігін растау тәртібі және схемасы «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен белгіленген. 

Техникалық регламентпен толық Техникалық реттеу және метрология комитетінің сайтында https://www.memst.kz/ танысуға болады. Техникалық регламентке сұрақтар туындаған жағдайда Техникалық реттеу және метрология комитетіне немесе Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық Департаменттеріне сәйкес хат жолдауға болады.       

Біздің мекен-жайымыз: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 11.  Телефон: 75-05-44. Е-mail: gosnadzor_astana@mail.ru

Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы – Амантайқызы Айнұр.