2021 жылғы ТМД сыйлығының сарапшыларын дайындау бойынша семинар аяқталды

2021 жылғы ТМД сыйлығының сарапшыларын дайындау бойынша семинар аяқталды

Өнім және қызмет көрсету сапасы саласындағы жетістіктері үшін 2021 жылғы ТМД сыйлығының сарапшыларын дайындау бойынша семинар аяқталды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Өнім және қызмет көрсету сапасы саласындағы жетістіктері үшін сыйлығын алуға арналған конкурстың сарапшылары туралы ережеде сарапшылардың екі жылда бір рет, әрбір конкурс алдында оқудан өтуі көзделген.

Оқытуға Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы сияқты Келісімге қатысушы мемлекеттердің 7 ұлттық органының өкілдері қатысты.

Семинардың спикерлері БелГИСС сапа және жүйелік менеджмент әдіснамасы Ғылыми-әдістемелік бөлімінің бастығы Игорь Шкадрецов және Роскачество бизнес-процестерінің тиімділігі бөлімінің бастығы, EFQM асессоры Игорь Горюнов болды.

2021 жылғы ТМД сыйлығының сарапшыларына арналған семинар бағдарламасы өте мазмұнды болды. Семинар аясында қазіргі кезеңде жүйелік менеджментті дамыту, ТМД сыйлығының моделі мен критерийлері, конкурстың негізгі ережелері мен тәртібі сияқты тақырыптар қаралды. Сондай-ақ, қазіргі заманғы ұйымдардың алдында тұрған нақты мәселелерді шешуге және сын-қатерлерге жауап беруге арналған 2020 жылғы нұсқа бойынша EFQM жаңа инновациялық моделі таныстырылды.

Қазіргі уақытта EFQM-2013 моделіне негізделген ТМД сыйлығын EFQM-2020 жетілдіру моделіне көшірудің орындылығы мәселесін сарапшылар жұмыс кеңестері шеңберінде қарайтын болады.

Семинарға қатысушылар спикерлерге материалды кәсіби түрде бергені және құзыреттілігі үшін, ал Стандарттар жөніндегі бюро мамандарына іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін алғыс білдірді.

Анықтама. ТМД елдері ұйымдарының өткізілетін конкурсқа қатысуы ТМД елдерінің құзыретті мамандарының сараптамалық бағалары негізінде өз қызметін жетілдірумен байланысты артықшылықтардан басқа, кәсіпорындардың экспорттық мүмкіндіктерін арттыруға, өз кәсіпорындарының бәсекелестік имиджін арттыруға мүмкіндік береді