Заңнаманы талқылау нәтижелі режимде өтті

Заңнаманы талқылау нәтижелі режимде өтті

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің маманы Гүлнара Қосыбаева "Қарағанды қаласының қала құрылысы кадастрлық орталығы" ЖШС, «К2. Консалтинг» ЖШС отандық тауар, жұмыстар мен қызметтерді өндірушілердің тізіліміне енгізу үшін кәсіпорынды қараудағы  Қарағанды ​​облысының кәсіпкерлер палатасының, аймақтық кеңестің өкілдерімен бірге комиссия жұмысына қатысты.

"Қарағанды қаласының қала құрылысы кадастрлық орталығы" ЖШС жерге орналастыру, геодезиялық, опографиялық қызметтерді жүзеге асырады.

 

"К2. Консалтинг" ЖШС бағдарламалауды қамтамасыз ету және бухгалтерлік есеп қызметтерін ұсынады (кеңес беру және көмек).

Тексеру барысында ЖШС қызметкерлеріне  "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясы және оған ілеспе "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы түсіндірілді.

Заңнаманы талқылау қорытындысы бойынша нәтижелі пікір алмасылды, ЖШС қызметкерлері қойылған сұрақтарға жауап алды.