Кәсіпкерлермен жұмыс кездесуі

Кәсіпкерлермен жұмыс кездесуі

Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын түсіндіру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология Комитеті департаментінің мамандары «Әнуар» сауда орталығының кәсіпкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында департамент қызметкерлері кәсіпкерлерді ЕАЭО ТР 004/2011 «Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарымен, сондай-ақ МЕМСТ 8.579-2002 «Тауарларды өндіру, өлшеп-орау, сату және импорттау кезінде кез келген түрдегі қаптамалардағы өлшеп-оралған тауарлардың санына қойылатын талаптарға» сәйкес өлшеп-оралған тауарлардың міндетті талаптарымен таныстырды.

Техникалық регламенттің деректеріне сәйкес өнімді өткізу кезінде қойылатын негізгі талаптар түсіндірілді. Барлық қажетті мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып, өнімді таңбалау бойынша ұсыныстар берілді. Сәйкестікті бағалау құжаттарын алу мақсатында сәйкестікті растау жөніндегі органдардың байланыс деректері ұсынылды.

Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпкерлерге Техникалық реттеу саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын сақтау бойынша жадынамалар, сондай-ақ сұрақтар туындаған жағдайда департаменттің байланыс деректері табыс етілді.