Мемлекеттік бақылау туралы

Мемлекеттік  бақылау туралы

Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «ҚазСтИн» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының өкілдерімен бірлесіп, техникалық реттеу және метрология саласы бойынша нормативтік құжаттардың талаптарын түсіндіру мақсатында «Шиелі тас - Оңтүстік» ЖШС барды.

"Шиелі тас - Оңтүстік" ЖШС 2008 жылы құрылған. Қазақстан бойынша әртүрлі фракциядағы қиыршықтас, құм-қиыршықтас қоспасы, құрылыс құмы және кесексіз кесек әк ірі жеткізушісі болып табылады. Жұмыс істеп тұрған ұсақтау-сұрыптау зауыты, әк өндіру зауыты бар. Кәсіпорын штаты жоғары сыныпты механизаторлармен, жүргізушілермен жасақталған. Компания қызметкерлерінің жалпы саны тұрақты негізде 100 адамды құрайды. Компанияның барлық өнімдері Қазақстан Республикасының аумағында өндіріледі.

Кездесу  барысында департаменттің бас маманы Айгүл Абдукаримова мемлекеттік метрологиялық бақылау туралы, жаңа редакцияда қабылданған Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңы және  кәсіпкерлік Кодексі туралы түсіндірді.

Кездесу барысында қатысушылардан түскен сұрақтарға толығымен жауаптар берілді.