ЭКСПОРТТАЛАТЫН ӨНІМДІ СЕРТИФИКАТТАУ МЕРЗІМІ 1 КҮНГЕ ДЕЙІН ҚЫСҚАРТЫЛДЫ

 ЭКСПОРТТАЛАТЫН ӨНІМДІ СЕРТИФИКАТТАУ МЕРЗІМІ 1 КҮНГЕ ДЕЙІН ҚЫСҚАРТЫЛДЫ

Техникалық реттеу саласындағы заңнамаларды түсіндіру және консультативтік көмек көрсету мақсатында 2018 жылғы 10 қаңтарда ТРМК БҚОбД  және «ҚазСтИн» РМК БҚФ көмірсутегі шикізатын өңдеумен, мұнай өнімдерін сатумен айналысатын және мазутты экспортқа шығаратын «ORAL MUNAI» ЖШС-не барып қайтты. Кездесу барысында сәйкестікті бағалау туралы құжат пен тауар шыққан жер туралы сертификат алу мәселелері талқыланды.

Сонымен қоса, «Тауарлардың экспортына қатысты кейбір мәселелер туралы» 20.11.2017 жылғы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бұйрығы қабылданғаны жөнінде ақпарат берілді. Экспортқа арналған өнімдер жеңілдетілген сертификаттау схемасына сәйкес сертификатталады. Соның нәтижесінде, сертификатты алу уақыты 1 күнге дейін қысқартылады және экспортқа шығарушылардың қаржылық шығындары азаяды.

Сонымен қатар, сәйкестікті растау органдары ҚР СТ 3.45-2008 бекітілген сертификат нысанының 13-бағанында сертификат алудың мақсатын «ЭКСПОРТАЛАТЫН» белгісімен көрсетеді және мұндай өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығаруға және сатуға құқық берілмейді. Кездесу соңында «ORAL MUNAI» ЖШС-нің директоры Ғалымжан Ерғалиев ұсынылған ақпараттар үшін алғысын білдіріп, сәйкестікті растау процедураларын жеңілдету бойынша енгізілген өзгерістер бизнестің дамуына оң әсер ететінін айтты.