2018 жылдың 7 ақпанында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департамент қызметкерлері техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру мақсатында және күрделі мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарына көмек көрсету үшін экспорттаушы кәсіпорын «РЕТ» ЖШС-не барды.
Өткізілген іс-шара отандық өндірушілерге техникалық реттеу және метрология саласындағы мәселелерін шешуге қолдау көрсетуге және жоғары өнеркәсіптілік пен басекеге қабілетті кәсіпорын құруға бағытталды.
Кездесу соңында Техникалық реттеу және метрология комитеті Департаменті және ведомстваға бағынысты ұйымдардың өкілдерімен ҚР заңнама талаптары түсіндірілді, кәсіпорынның метрологиялық қамтамасыз ету, дайын өнімді зат таңбалау бөлігінде, өнімді каталогтау, өнімнің сәйкестігін растау, менеджмент жүйесін сертификаттау, мамандарды оқыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және ЕАЭО аккредиттеу субъектілерінің деректер қорымен жұмыс жасау бойынша ұсыныстар берілді.
«РЕТ» ЖШС Пэт – преформа өндірісі нарығында жұмыс жасайтын қарқынды даму жолындағы Қазақстандық кәсіпорын болып табылады. Өндірістің негізгі бағыты, салмағы 22, 28, 36, 38, 39, 41, 42, 47 граммдық Пэт – преформалар және Пэт шөлмектерге арналған (HDPE)полиэтиленді қақпақтар (диаметрі 28мм.) шығару.
Аталмыш өнімдер СТ ТОО 39202228-001-2006, СТ ТОО 39202228-002-2010 ұйым стандарттары бойынша әзірленеді және шығарылған өнімдер «Қаптама қауіпсіздігі туралы» 005/2011 КО ТР талаптарына сәйкес.
Бүгінгі таңда компания «Кеспебай» тауар маркасымен, ГОСТ 31749-2012 талаптарына сәйкес жылдам дайындалатын кеспе шығарады. Шығарылатын өнім КО ТР 021/2011, КО ТР 022/2011 және КО ТР 029/2012 талаптарына сәйкес келеді. «РЕТ» ЖШС өнімдері Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан Республикаларына экспортталады.