Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті «ҚазСтИн» РМК Қызылорда филиалымен бірлесе отырып, 2017 жылдың 27 наурызында «Аттракцион қауіпсіздізгі» ЕАЭО Техникалық регламентін талқылау тақырыбында регламентті талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» өткізілді. «Дөңгелек үстел» техникалық регламентті жұмыс бабында пайдаланатын, ЖК «Даулетбаев», ЖК«Датаева», ЖШС «Думан Инвест», ЖК «Абдуллаева», ЖК «Жас Орда», ЖК«Ге» және т.б. аумақтық өкілдерінің қатысуымен өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – ұлттық стандарт шеңберіндегі өнім өндірушілерді, бизнес-қауымдастығы өкілдерін, аккредиттеу субъектілерін ақпараттандыру, сонымен қатар КО ТР талаптарына сәйкес аймақ кәсіпорындарының сынақ базаларының жағдайын, проблемалық мәселелер және олардың шешу жолдарын анықтау.
Дөңгелек үстел өткізу барысында, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде, соның ішінде Қазақстанда тиісті құқықтық актілердің болмауына байланысты аттракцион иелерінің қызметі балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, жарақат санын көбейтуге ықпал жасайтыны түсіндірілді.
Бұл техникалық регламент көрнекті қауіпсіздігі үшін ең төменгі талаптарды белгілейді.
«Дөңгелек үстел» барысында кәсіпкерлердің белгілі бір мәселелер бойынша пікір алмасуда ТРжМК Қызылорда облысы бойынша департаменті және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Кызылордалық филиалы мамандары нақты жауаптарды берілді.