
АСТАНА, 2017 жыл 17 наурыз, Эталон орталығы. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Бірінші Вице-министрі Т Алик Айдарбаев Техникалық реттеу және метрология комитетіне жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапары аясында Техникалық реттеу және метрология комитетін Төрағасы Біржан Қанешев Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Бірінші Вице-министрін орындалған жұмыстардың көлемімен таныстырды.
Сондай-ақ Комитеттің ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру механизмі туралы мәселелер талқыланды.
Одан басқа, А. Айдарбаевқа геометриялық шама, қысым, масса, сұйықтық тығыздығы мен тұтқырлығы зертханаларының ағымдағы жұмыстары көрсетілді.
Жұмыс сапары аяқталғаннан соң Комитет қызметкерлері ҚР ИДМ Бірінші Вице-министрі Алик Айдарбаевтың барлық сұрақтарына жауап берді.