
Өлшем құралдарын калибрлеу – өлшем құралдарының қолдануға жарамдылығын және метрологиялық сипаттамасының дұрыстығын растау және анықтыу мақсатында жүргізілетін операциялар жиынтығы.
Калибровканың салыстырып тесеруден айырмашылығы, ол мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалауға жатпайтын, яғни салыстырап тексеруге жатпайтын өлшем құралдарына қарастырылғын.
Егер салыстырып тексеру мемлекеттік метрологиялық бақылау органдарына міндетті операция болса, калибровка – бұл кәсіпорынның метрологиялық қызметімен немесе оның өтініші бойынша бұл жұмысты істеуге қауқарлы кез-келген ұйыммен жүзеге асырылатын ерікті қызмет.
Өлшем құралдарын калибрлеу осы өлшем құралдарын əзірлеуші, иесі немесе пайдаланушы белгілеген тəртіпте шамалар бірлігінің қатар бағынатын мемлекеттік эталондарын қолданумен орындалады.
Өз бөлімшелері үшін орындалатын өлшем құралдарын калибрлеу заңды тұлғалардың калибрлеу зертханаларымен – тиісті өлшем түрі бойынша білікті мамандары (салыстырып тексерушілер/калибрлеушілер) бар əзірлеушілер, өлшем құралдарын пайдаланушылар жүргізеді. ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-ке сəйкес өлшем құралдарын калибрлеуге сəйкес бағалау саласында ерікті түрде аккредиттелген калибрлеу зертханалары калибрлеуді тыс ұйымдар үшін келісімшарт негізінде іске асыра алады.
Өлшем құралдарын калибрлеу нəтижелері өлшем құралдарына қойылатын калибрлеу белгісімен немесе міндетті түрде метрологиялық сипаттамаларының нақты мəндері көрсетілетін калибрлеу туралы сертификатпен, сондай-ақ пайдалану құжаттарындағы жазбамен куəландырылады.
Калибрлеуге жататын өлшем құралдарының тізбесін оларды қолдану саласына байланысты өлшем құралдарын пайдаланушылар анықтайды. Өлшем құралдарын калибрлеу өлшем құралдарын əзірлеуші немесе пайдаланушылар белгілеген мерзімдерде немесе өлшем құралдарының аралық калибрлеу қашықтықтарын есепке ала отырып калибрлеу кестесіне сəйкес калибрлеу зертханасында іске асырылады. Заңды жəне жеке тұлғалардың өлшем құралдары калибрлеу жұмыстарын жүргізуге арналған келісімшартта көрсетілген мерзімдерде калибрленуге тиіс. Өлшем құралдарын калибрлеу калибрлеу əдістемесінің талаптарына сəйкес жүргізіледі. Калибрлеу əдістемесін заңды тұлғалар – осы өлшем құралдарын əзірлеушілер, пайдаланушылар əзірлейді, бекітеді. Бірнеше физикалық шамаларды өлшеуге (жаңғыртуға) немесе бірнеше өлшем ауқымы бар өлшемдерге арналған өлшеу құралдарын калибрлеуді толық көлемде жүргізуге, яғни тек физикалық шамалардың қолданылатын саны немесе өлшеу ауқымдары немесе шектелген ауқымы үшін ғана жүргізуге рұқсат етіледі. Тиісті жазба пайдалану құжаттарында жəне калибрлеу туралы сертификаттарда жазылуға тиіс.
Өлшем құралына арналған калибрлеу нəтижелері бойынша калибрлеу белгісі қойылады жəне/немесе ҚР СТ ИСО/МЭК 17025 талаптарына сəйкес калибрлеу туралы сертификат рəсімделеді.
Заңды жəне жеке тұлғалардың өтінімдері бойынша калибрленетін өлшем құралдарына калибрлеу сертификатын рəсімдеу міндетті болып табылады. Қажеттілігіне қарай калибрлеуді орындаушы қол қоятын калибрлеу хаттамасымен рəсімделеді.
Толық ақпарат алғысы келетіндерге Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне хабарласуға кеңес береміз. Мекенжайымыз: Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 11. телефондарымыз 270741, 270743, Еmail: gosnadzor_аstana@mail.ru.
Дайындаған: Астана қаласының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – Бекболат Нұрболат Бекболатұлы.
