Мемлекеттік рәміздерге қойылатын нормативтік талаптар туралы

Мемлекеттік рәміздерге қойылатын нормативтік талаптар туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерді пайдалану мен насихаттау саласындағы жұмыстарды жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың 17 наурыз айында Қызылорда облысының Қармақшы ауданының басқармасының мемлекеттік қызметшілері мен басқармаға қарасты мекемелердің мамандарының қатысуымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ұлттық стандарттарының талаптарын түсіндіру бойынша онлайн форматта «дөңгелек үстел» өткізілді. Іс-шараға Қызылорда облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің мемлекеттік испекторы Бектаева Жадра Жұмабекқызы қатысты.

Іс-шара барысында ТРжМК-нің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкері Бектаева Жадра мемлекеттік рәміздердің негізгі ұғымдары туралы баяндама жасады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 1-бабына өзгеріс енгізіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында бейнеленген «ҚАЗАҚСТАН» жазуы латын графикасындағы «QAZAQSTAN» жазуына ауыстырылды. Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Техникалық реттеу және метрология саласындағы Ғылыми-техникалық комиссиясы отырысының 2018 жылғы 12 қыркүйектегі хаттамалық шешімімен мақұлданған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.Техникалық талаптар» ұлттық стандартына №1 өзгеріс 2018 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енді, осылайша, Мемлекеттік Елтаңбасындағы «ҚАЗАҚСТАН»сөзі латын графикасында «QAZAQSTAN» болып стандарттың барлық мәтіні бойынша енгізілді.

Аталғандардың негізінде, орталық және  жергілікті мемлекеттік органдарда орналастырылған Мемлекеттік Елтаңбаларды «QAZAQSTAN» деген жазуы бар елтаңбаларға жоспарлы түрде ауыстыру үшін дайындалған және орналыстырылған елтаңбаларға 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін өтпелі кезеңді белгілеу бөлігінде «Стандарттаудың кейбір мәселелері туралы» ведомстволық бұйрыққа тиісті түзетулер енгізілді.

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі коммисияның жүргізген мониторингінің қорытындысы мен мониторинг кезінде анықталған кемшіліктерді атай келе, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндірме жүргізілді. Облыстың, қаланың аудандық мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік рәміздері туралы заңнама нормаларының бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етуі керектігін айтты.

Іс-шараға қатысушылар рәміздерді қолдану барысында кездесіп тұратын кемшіліктер бойынша өздерінің пікірлерін білдірді.

Отырыс соңында қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап беріліп, дөңгелек үстелге қатысқандарына алғысын білдірілді.