2017 жылы 23 ақпанда Алматы қаласында «Көрсетілетін қызметтерді стандарттау» тақырыбы бойынша дөнгелек үстел өтті.
Ұйымдастырушы - «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК (ҚазСтИн http://www.kazinst.kz/).
Елбасы Қазақстан халқына жолдауында жаңа технологияларды еңгізіу барысында дәстүрлі салаларда еңбек ресурстарының босайтынын белгіледі. Сонымен бірге, жаңа индустрияны дамыту жұмыспен қамтудың және азаматтардың нақты табысын өсірудің қосымша мүмкіндігі болуы тиіс.
Соңғы уақытта, көрсетілетін қызметтер саласы дамыған және дамушы мемлекеттердің экономикалық серпініне маңызды әсер етеді. Экономикалық өсуіне көрсетілетін қызметтер аясының үлесі нақты сектордың үлесінен артық.
Бұдан басқа, Казақстанда көрсетілетін қызметтер аясы сауда аясынан анағұрлым көп жалпы ішкі өнімнің 56 % алады және жұмыс істейтін халқының арасында 58 % алады.
Бүгінгі таңда, көрсетілетін қызмет индустриясы халықты еңбек ресурстарымен қамтамасыз етудің ең тиімді және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Дөнгелек үстелдің жұмысында ТашИИТ, ЖА «КазГор», аккредиттеу субъектілердің, Алматы қаласының Әкімдігінің, аудандық Әкімдіктердің, басқармалардың, ұйымдардың, туристік, қонақ үй және мейрамханалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ), сұлулық индустриясы, ақпараттық технологиялар қоғамдық бірлестікдердің және көрсетілетін қызмет аясындағы басқа ұйымдар қатысты.
«ҚазСтИн» РМК-ның Бас директордың Бірінші орынбасары Әмірханова Еркежан «Көрсетілетін қызметтер саласындағы қазіргі жағдай және болашақтағы дамуы» тақырыбында баяндама шеңберінде көрсетілетін қызметтерді стандарттауды дамытудын халықаралық тәжірибесі және Институт қызмет көрсету саласындағы нормативтік қорды талдау нәтижелері және осыған қатысты жоспарланған әрекеттер мен бағыттар көрсетілді.
Қонақ үй және ресторан аясындағы Қазақстандық бірлестіктін вице-президенті Наталья Сергеенкова 2016 жылғы саяхатшыларды орналастыруға бағытталған қызметтерге арналған әзірленген стандарттарды көрсетті. Наталья Сергеенкова қызмет көрсетушіге көрсетілетін сенімді бекіту құралы ретінде туристік қызметтердің аталған стандарттарға сәйкестікті сертификаттаудың маңыздылығын айрықша атап өтті.
Сондай-ақ Алматы қаласындағы ТКШ ассоциациясының төрағасы Шамиль Мендыгалиев сөз сөйледі. Өз сөзінде ол ТКШ қызметтері саласын дамыту үшін нормативтік-құқықтық талаптарды қайта қараудан бастау қажеттігін атап өтті және ТКШ саласындағы әрекеттегі заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарымен таныстырды.
ТКШ саласындағы қызметтерді стандарттаудың дамуы және жалпы пайдалануға осы стандарттарды енгізу механизмы жайында «КазСтИн» РМК Мемлекетаралық және ұлттық стандарттау бас маманы Болат Абайулы сөз сөйледі. Сонымен қатар 2016 жылы әзірленген стандарттар таныстырылды:
Үй маңы аумақтарын күтіп-ұстау, тұрмыстық қалдықтарды жинау жəне шығару қызметтері;
Көп пәтерлі тұрғын үйлердің үй ішіндегі жылумен жабдықтау және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелерін күтіп ұстау қызметтері;
Көппəтерлі үйлердің жалпы мүлкін ағымдағы жөндеу қызметтері.
ТашИИТ ғылыми жұмыс және ынтымақтастық жөніндегі атқарушы директоры Бейбіт Ыбраев өзінің презентациясында көлік және коммуникация секторында пайдаланатын ақпараттық технологиялар қызметтері саласындағы әзірленген және әзірленіп жатқан стандарттар жөнінде қысқаша есеп берді.
Дөнгелек үстел отырысы барысында туристік қызметтерге үлкен қызығушылық көрсетілді және ТКШ қызметтерін дамыту сұрақтары талқыланды, атап айтқанда ресейлік тәжірибені пайдалану орындылығы.
Қатысушылар қызметтер саласындағы стандарттауды дамытудың маңыздылығы мен көкейкестілігін атап өтті және қызметтердін әр түрі бойынша тақырыбтық жиналыстар өткізуді ұсынды.
Өткізілген дөнгелек үстелдің отырысының нәтижесіне қатысушылардың барлық ұсыныстары ұсымынына келесі жұмысты атқаруға енгізілді.