Мемлекеттік рәміздер туралы!

Мемлекеттік рәміздер туралы!

Ағымдағы жылы наурыз айының 1 - 5 аралығында ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Әуезов аудыны бойынша Қоғамдық даму басқармасымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның төрағасы Қ.Көшербаевтың 2020 жылғы 13 қарашадағы тапсырмасын орындау мақсатында, аудан аумағында орналасқан барлық мемлекеттік мекемелерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалануы бойынша мониторинг жүргізді.

Аталған іс-шарада "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 Қаулысына енгізілген өзгерістерге, Мемлекеттік Елтаңбаның ұлттық стандартына (ҚР СТ 989-2014) енгізілген өзгерістерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру үшін өтпелі кезеңге қатысты мәселелер айтылды.

Департамент мамандары қойылған барлық сұрақтарға, соның ішінде мемлекеттік рәміздерді сатып алу бойынша және жеке және заңды тұлғалардың тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда мемлекеттік рәміздерді қолдануы және орналастыруы туралы сұрақтарына жауап берді.