Сынақ зертханасына бару туралы

Сынақ зертханасына  бару туралы

Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Қазақстан стандарттау  және метрология институты РМК Қызылорда филиалының өкілдерімен бірлесіп, техникалық реттеу және метрология саласы бойынша нормативтік құжаттардың талаптарын түсіндіру мақсатында "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының сынақ зертханасына  барды.

Іc-шараның мақсаты: жаңа редакциядағы «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының талаптарын түсіндіру.

"Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК ҚФ-ың сынақ зертханасының Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде «Сынақ және калибрлеу зертханалардың құзіреттілігіне қойылатын жалпы талаптар», «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеру жүргізуге қойылатын негізгі талаптар» акредиттеу туралы аттестаттары бар.

Сынақ зертханасы акредиттеу аясы бойынша өтінімнің МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 талаптарына сәйкес,  бактериологиялық, санитарлы-гигиеналық, жоғары-технологиялық зерттеулер, радиологиялық сынақ жүргізеді.   

Департамент және филиал мамандарымен  ұлттық  стандарттау жоспарына енгізуге ұсыныстар дайындау және беру сұрақтарының  маңыздылығы туралы түсініктер берілді. Кездесу сынақ зертханасы басшысынан біліктілігін арттыру бойынша оқу семинарына қатысу туралы ұсыныс алынды.