Тауардың шығарылған елін айқындау туралы

Тауардың шығарылған елін айқындау туралы

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қ. бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) 2021 жылы 4 наурызда Алматы қаласында «Тауарлардың шыққан елін анықтау тәртібін сақтау» тақырыбында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.02.2015 ж. №155 (бұдан әрі - Қағидалар) бұйрығымен  бекітілген «Тауардың шығарылған елін анықтау жөніндегі, тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін анықтау жөніндегі қағидалардың» талаптарын түсіндіру бойынша Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы, Алматы қ. Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы өкілдерінің, тауарлардың шыққан жері туралы сертификат алуға қызығушылық танытқан жеке және заңды тұлғалардың және сараптама ұйымдарының сарапшы-аудиторларының қатысуымен семинар өткізді.

Семинар жұмысына "Техникалық реттеу және метрология орталығы" ЖШС басшысы, тауардың шығарылған елін анықтау бойынша сарапшы-аудитор            А.К. Кемербекова белсенді қатысты, Қағидалардың талаптарын түсіндірді.

Департаменттің бөлім басшысы Джуманова К.К.  Департаменттің 2020 жылы және ағымдағы жылдың басынан бері өткізген тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттардың берілуін бақылау нәтижелері туралы айтты:                           2020 жылдың 12 айында Департаменттің атына ҚР СИМ ТРМК-нен 3 тапсырма және «Атамекен» ҰКП Аумақтық кәсіпкерлер палаталарынан 3 хат келіп түсті.

Департаменттің қарау нәтижелері бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтҚРК) 802, 804-баптарының талаптарына сәйкес түрлі сараптама ұйымдарының 6 сарапшы-аудиторларының қарым-қатынастарында 417-баптың 1-бөлігі бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификат алу үшін сараптама актілерін беру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік материалдар қозғалды және Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 6 сарапшы-аудиторларға сарапшы-аудиторлардың аттестаттарын 6 ай мерзімге тоқтата тұрып, 194 460 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Департаментке Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасынан 1 хат келіп түсті. Департаментпен әкімшілік іс қозғалды және Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты сарапшы-аудиторға 10 АЕК - 29 170 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салып, сарапшы-аудитор аттестатын 6 ай мерзімге тоқтатты.

Сондай-ақ, сарапшы-аудиторлар жіберген Қағидаларды бұзуға қатысты мысалдар келтірді, қатысушыларға ӘҚБтҚРК 417-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілік туралы ескертті.

Семинар қорытындысы бойынша тараптар өзара ақпараттық қолдау көрсету бөлігіндегі ынтымақтастық туралы келісімге келді.

Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар және кәсіпорындар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.02.2015 ж. №155 бұйрығының жобасына ұсыныстар мен ескертулерін жолдайды.