
Ағымдағы жылғы 7 ақпанда ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің айналымы мәселелері бойынша Комитет қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты, сондай-ақ Мемлекеттік рәміздер дайындаушылардан құралған жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.
Кездесу барысында Мемлекеттік рәміздер айналымының және Мемлекеттік Елтаңбаны ҚР СТ 989-2014 Ұлттық стандартына сәйкес дайындаудың негізгі мәселелері талқыланды.
Мәжіліс қорытындысы бойынша, жұмыс тобының барлық мүшелеріне Мемлекеттік рәміздердің айналымына және Мемлекеттік Елтаңбаның жаңа үлгісін енгізуге қатысты нақты ұсыныстар беру ұсынылды.