Техникалық сарапшылар ұлттық стандарттарды әзірлеудің жаңа тәсілдерін талқылады

Техникалық сарапшылар ұлттық стандарттарды әзірлеудің жаңа тәсілдерін талқылады

2021 жылғы 14 қаңтарда ҚазСтандарт алаңында бейнеконференцбайланыс форматында стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің өкілдерімен кеңейтілген кеңес өткізілді. Кездесудің мақсаты ТК қызметін үйлестіруді күшейтудегі негізгі міндеттерді анықтау болды.

Талқылауға барысында экономиканың басым салалары үшін стандарттарды әзірлеуді қаржыландыру мәселесі үлкен қызығушылық тудырды. Ұлттық стандарттауды жоспарлау бойынша ақпараттың жабықтығы және тиісінше мемлекеттік сатып алу проблемалары, атап айтқанда әзірлеуді сатып алу процесін қаржыландырудың жоқтығы атап өтілді.

 Сондай-ақ, сарапшылар жоғары оқу орындарының техникалық кадрларды нашар даярлау тақырыбын қозғады.

Баяндамалар арқылы қатысушылар белгілі бір ТК қызметіндегі өзекті мәселелерді айтып, оларды шешу жолдарын ұсынды. Мысалы, IECEx-ке кірудің орындылығы туралы дәлелді ұсыныс түсті (жарылыс қаупі бар ортада жұмыс істеу жөніндегі МЭК жүйесі). Стандарттаудың және өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеудің жай-күйін оңтайландыру және жақсарту жөніндегі жұмыс тобын қолдау мәселесі өзекті болып отыр.

Пікірталас форматында қатысушылар стандарттар жобаларын жария талқылау барысында кері байланыс алу және жіберу кезінде туындайтын кедергілерді, сондай-ақ бизнестің пікірін ескеру және оны техникалық реттеу жүйесіне енгізу үшін нақты сектормен ынтымақтастықтың артып келе жатқан рөлін талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша ұлттық стандарттауды дамыту мақсатында стандарттау жөніндегі кеңесті құру туралы шешім қабылданды.