Қазстандарт жаңа ақпараттық ресурс – Телеграмм чат-ботын құрды!

Қазстандарт жаңа ақпараттық ресурс – Телеграмм чат-ботын құрды!

«Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК Телеграмм желісінде чат-ботты іске қосты. Бұл стандарттау және метрология саласындағы сұрақтарға жедел жауап беруге, Институт қызметіне байланысты көптеген сұрақтарға жауап беруге, бизнес-қоғамдастықпен жұмыс істеуге арналған тағы бір ақпараттық ресурс.

Чат-бот тәулік бойы 24/7 режимінде жұмыс істейді, бұл пайдаланушыларға қосымша қолайлылық береді!