Тұрғын және әкімшілік ғимараттардағы тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін газ сигнализаторларын орнатудың өзектілігі

Тұрғын және әкімшілік ғимараттардағы тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін газ сигнализаторларын орнатудың өзектілігі

Жыл сайын жылыту кезеңінің басталуымен тұрмыста улы газбен улану проблемасы өзекті бола түсуде. Бұл қауіп туралы жеткілікті хабардар болғанына қарамастан, улану көбінесе өлімге әкеледі. Соңғы 5 жылда елімізде улы газбен уланудан 200-ден астам адам қайтыс болды.

Көгілдір отынмен байланысты қайғылы оқиғалардың негізгі себептері-газдың шығуы, желдетудің бұзылуы және көміртегі тотығының жоғары концентрациясы, оны үнсіз өлтіруші деп бекер айтпайды. Оның түсі де, иісі де жоқ және адамдар үшін қауіпті.

Заманауи технологиялар газбен улану қаупінен жеке меншік пәтер мен жалпы үй мүлкін қорғауға мүмкіндік береді. Нарықта арнайы құрылғылар – газ сигнализаторлары бар. Олардың көптеген өндірушілері мен модификациялары бар, бірақ шартты түрде барлық түрлерін екі топқа бөлуге болады. Соның ішінде біздің газ қазандықтарымызға және колонкаларда болатын метанның шығуын бақыласа ал кейбір түрлері  көміртегі тотығын бақылайды. Егер газдың ауадағы мөлшері артса жедел түрде пультке сигнал түсіп жарықтық және дауыс белгілерімен көрсетеді. Тіптен электромагнитті клапаны бар жетілдірілген түрлері қауіп төнген жағдайда газды тоқтатуға мүмкіндігі бар. Мұндай газ сигнализаторларын қарт ата-аналар мен жас балаларды үйде уайымсыз қалдыруға мүмкіндік береді. Сигнал қашықтан басқару пультіне тартылған кабель арқылы да, сымсыз байланыс арқылы да түсуі мүмкін. Осының арқасында сигнал пультін пәтерден тыс шығарып, мысалы, кіреберісте орнатуға болады. Бұл жағдайда көршілердің осы пәтердегі қауіп туралы уақтылы білуге және шаралар қабылдауға мүмкіндігі бар.

Барлық тұрғын үйлерді осындай құрылғылармен жабдықтау қажеттілігі уақыт талабы болып табылады. Жаңа құрылыстарда тапсырыс берушілердің (тұрғындардың) тұрғын үйлерді және/немесе әкімшілік ғимараттарды газ сигнализаторлармен міндетті түрде қосымша жабдықтау туралы талап ету тәжірибесі бар. Біз тұратын үйлер және жұмыста көп уақыт өткізетін ғимараттар, оқу орындары балалар мен қарттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Қорғауды қамтамасыз ету жауапкершілігі әкімшілік ғимараттардың иелеріне де, кәсіпорын басшыларына да, қарапайым тұрғындарға да жүктеледі. Естеріңізде болсын, улы газ қауіпті, ол тез әрі білінбей әрекет етеді, сондықтан өмір мен денсаулық қабылданған шаралардың жылдамдығына байланысты. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті бас маманы – Турганбаев Жанболат Озганулы