Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасымен Меморандумға қол қойылды

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасымен Меморандумға қол қойылды

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті 2021 жылғы 14 қаңтарда «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының алаңында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Асқарұлы Қошмамбетовпен, сондай-ақ «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының және Алматы қаласындағы «ҰАО» ЖШС өкілдігінің өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуін өткізді.

Аталған іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының басшылығын Департаменттің негізгі қызметімен, 2020 жылғы 30 қарашада Президент қол қойған «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңының қабылдануына байланысты қойылған жаңа міндеттермен және мақсаттармен, сондай-ақ «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының қызметімен, атап айтқанда, нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай қорымен және шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарымен таныстырды.

Жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы арасында ішкі нарықты қауіпсіз өніммен қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимыл, тұтынушыларды Алматы қаласының аумағына әкелінетін және өткізілетін қауіпсіз емес және сапасыз өнімнен қорғау мақсатында өзара ақпарат алмасу мәселелері бойынша Меморандумға қол қойылды.

Осы Меморандум шеңберінде жүзеге асырылатын ынтымақтастықтың мынадай нысандары болуы мүмкін:

- серіктестік қатынастарды тиімді дамыту үшін күш-жігерді үйлестіру;

- арнайы семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, жұмыс кездесулері және басқада тиісті бірлескен іс-шаралар өткізу арқылы өкілдерді, мамандар мен сарапшыларды оқыту, біліктілігін арттыру;

- өнім қауіпсіздігіне байланысты баспасөз конференцияларына, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу;

- техникалық реттеу және метрология саласындағы қолданыстағы заңнаманы түсіндіру;

- өзара мүдделілікті білдіретін және тараптар арасында келісілген ынтымақтастықтың өзге де нысандары.