"Техникалық реттеу туралы " ҚР Заңы талқыланды

"Техникалық реттеу туралы " ҚР Заңы талқыланды

Ағымдағы жылдың 13 қаңтарында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің  Жамбыл облысы бойынша департаментінде  2020 жылғы 30 желтоқсанда қол қойылған жаңа редакциядағы  «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының  талаптары жұмыс  жиналысының  барысында талқыланды. Аталған заңнамалар  2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енетін болғандықтан, Департамент басшысы Алия Ахметова  аталған заңнамаларға енген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты   түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті. Департамент қызметкерлеріне техникалық реттеу және метрология салаларына енгізілген өзгерістер бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.