
Ағымдағы жылдың 8 маусымында ҚР ИДМ ТРМК БҚОбД және «ҚазСтИн» РМК БҚФ басшылары «WestPartner» ЖШС-не барып, техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнамаларды түсіндірді.
Компанияның негізгі қызметі құрылыс-монтаж жұмыстары болып табылады:
- күрделі жөндеуді және реконструкцияны қоса алғанда, автомобиль жолдары мен теміржолдарды салу;
- ғимараттардың (соның ішінде көпірлер, көліктік эстакадалар, туннельдер, жол өтпелері, басқа жасанды ғимараттар) салмақ түсіретін және (немесе) қоршау конструкцияларын салу, соның ішінде объектілерді күрделі жөндеу және қайта құруды қамтиды;
- топырақта арнайы жұмыстар.
Мұнда 2 асфальтобетон зауыты бар:
ДС-158 - сағатына 50 тонна асфальт-бетон өнімдерін шығарады;
ДС-117 - сағатына 35 тонна асфальт-бетон өнімдерін шығарады.
Кездесу барысында ҚР заңнамаларының талаптары, әсіресе өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету, өнім сәйкестігін растау мәселелері түсіндірілді.
Кездесу соңында компания қызметкерлері ұсынылған ақпарат үшін алғыс білдірді.
