2020 жылдың 30 қарашасында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес, статистикалық есептерді тапсыру тәртібі туралы техникалық оқыту өтті.
Сонымен қатар, stat.gov.kz сайтында "Респондент кабинеті" арқылы ұсынуға қажетті статистикалық нысандардың тізбесін алуға, есептілікті тапсыру тарихын қарауға, қызметтің жоқтығы туралы хабарлама беруге, сондай-ақ респонденттің деректерін қарауға және редакциялауға болатындығы көрнекті түрде көрсетілді.
Департамент қызметкерлері: «Инвестициялық қызмет туралы есеп» индексі 1-инвест, «Еңбек бойынша есеп» индексі 1-Т, «Кәсіпорындарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есеп» индексі 3-ақпарат, «Негізгі қорлар жағдайы туралы есеп» индексі 11, «Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп» индексі 2-Т (еңбекақы) статистикалық есептерінің формаларымен таныстырылды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша ашық диалог пен нәтижелі пікір алмасу өтті.