Жамбыл облысында техникалық реттеу саласы бойынша өңірлік штаб отырысы өтті

Жамбыл облысында  техникалық реттеу саласы бойынша өңірлік штаб отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 20 қарашасында  ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн режимде     Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы  Ахметова Әлия Аманқұлқызының төрағалығымен кезекті  Өңірлік штаб мәжілісі өткізілді.

Өңірлік штаб мәжілісіне мүше болып табылатын Жамбыл облысының кәсіпкерлік және нндустриялды-ииновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев, «Қазақстан стандарттау және метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Жамбыл облыстық филиалының директоры Асқар Мынбаев, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалының директоры Динара Ахметова, Жамбыл облысының кәсіпкерлер Палатасының өкілі Жауханов Кылышбек, «Бизнесті индустрияландыруға жәрдемдесу палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің баскарма төрағасы Латиф Айдаров, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының орынбасары Еркебұлан Сағитов, Жамбыл облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің департамент басшысы Нұрби Жігітеков, Жамбыл облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Байқадам Дүйсенбаев қатысты.

Сонымен қатар, мәжіліске «Фан» ЖШС, «Кэсо отан» ЖШС, «Казагрэкс» АҚ, «Казгидромет» РММ, «Агроэксперт-Ас» ЖШС, «Промтехнология» ЖШС, «Югстат-Innovation», «VID SPB», «Экореинжеринг» ЖШС өкілдері қатысты.

Мәжілісте департамент басшысы  Әлия Ахметова Қазақстан Республикасы техникалық реттеу заңнамасы саласында енгізіліп отырған  өзгерістерге егжей-тегжейлі тоқталып, аталған өзгерістердің отандық өнімнің сапасын жақсартуға және сауда нарығында отандық өнімнің бәсекелестігін арттыратындығын, сонымен қатар еліміздің аумағында қауіпті өнімдерді анықтаудағы мемлекеттік бақылаудың күшейтілетіндігін атап өтті.

Өз кезегінде, «ҰССО» АҚ  Жамбыл филиалының директоры Динара Ахметова атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, оның ішінде отандық өнімнің сапасы мен  қауіпсіздігін бекітілген регламенттердің, стандарттардың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың маңыздылығын және техникалық реттеу заңнамасына енгізіліп отырған  өзгерістер отандық өнімнің бәсекелестігін арттыруға оң әсерін тигізетіндігін айтты. Сонымен қатар, метрология саласының маңыздылығын, атап айтқанда облыстағы  мекемелердегі  өлшем құралдардың өз уақытында  салыстырып тексеруден өтуіне баса назар аударуларын сұрады және өлшем құралдарды салыстырып тексеруден өткізу адамның және қоршаған ортаның  қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін фактор болып табылатындығын атап өтті.

Мәжіліс барысында, «Қазақстан стандарттау және метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Жамбыл облыстық филиалының директоры Асқар Мынбаев,  ағымдағы жылы әзірлеген ұлттық стандарттармен таныстырып, стандарттардың өнімнің сапасын арттыруға бағытталған құжатттардың негізі екендігін және де филиалмен стандарттар әрдайым заман талабына байланысты өзгеріп, жаңарып тұратындығын айтты.

Мәжілісті қорытындылай келе, Департамент басшысы  Әлия Ахметова Техникалық реттеу заңнамасына енгізіліп отырған өзгерістер заман талабы екендігін, отандық өнімнің бәсекелесітігін арттыруға негізделгендігін және өнімнің қауіпсіздігін қамтамсыз етуге бағытталғандығын айтып, мәжіліске қатысқан қатысушыларға алғысын жеткізді.