«Қыран» ЖШС-дегі кездесу

«Қыран» ЖШС-дегі кездесу

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлері ағымдағы жылдың 23 қарашасында отандық өнім шығарушыларды ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету және «Ішкі нарықта жеткізушілердің сапасы туралы»  индикаторларын жақсарту мақсатында «Қыран» ЖШС-де   жұмыс кездесу өткізді.

«Қыран» ЖШС-нің аккредиттелген сынақ зертханасы материалдарды, құрылымдар мен бұйымдардың сапасын сынауды және бақылауды қоса алғанда, құрылыс алаңдарында зертханалық қолдау қызметтерінің барлық спектрін ұсынады. «Қыран» ЖШС-нің негізгі қызметі:

құрылыс материалдарының сапасын зертханалық бақылау; құрылыс материалдарын сынау (бетон, қиыршық тас, құм, цемент, ерітінді, кірпіш және т.б.); жол құрылыс материалдарын сынау (асфальтбетонды, битумды, қара қиыршық тасты, топырақты, жол эмульсиясын сынау); бетон және темірбетон құрылымдары мен бұйымдарын сынау; бетон беріктігін бұзбай тексеру болып табылады.

Кездесу барысында сапа инфраструктурасы құралдарын пайдалану (техникалық регламенттер, стандарттар, өлшем құралдары, сапа менеджмент жүйесі), техникалық реттеу, метрология, және т.б нормативтік құжаттардың талаптары бойынша түскен сұрақтарға толық жауаптар берілді.