ТРМК «Техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтер» № 061 бюджеттік бағдарламасының «Мемлекеттік эталондар мен эталондық жабдықтарды қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету» іс-шарасы бойынша «ҚазСтандарт» РМК-ның есебін тыңдады

ТРМК «Техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтер» № 061 бюджеттік бағдарламасының «Мемлекеттік эталондар мен эталондық жабдықтарды қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету» іс-шарасы бойынша «ҚазСтандарт» РМК-ның есебін тыңдады

Ағымдағы жылдың 10 шілдесінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті 2026 жылғы I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша № 061 «Техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтер» бюджеттік бағдарламасының «Мемлекеттік эталондар мен эталондық жабдықтарды қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету» іс-шарасын іске асыру жөніндегі «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК-ның есебін тыңдады.

Институт басшылығы өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы негізгі міндеттердің орындалуы жөніндегі есепті ұсынды. Тыңдау қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы, сондай-ақ ұлттық эталондық базаны дамыту және халықаралық ынтымақтастық бағытындағы нәтижелер атап өтілді.

Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2026 жылғы қаңтар–шілде айлары аралығында 106 мемлекеттік эталон мен эталондық жабдықтың жұмыс істеуі және оларға қызмет көрсету қамтамасыз етілуде.

Есепті кезеңде 823 калибрлеу және өлшеу құралдарына 1247 салыстырып тексеру жүргізілді. «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК аумақтық филиалдарымен бірлесіп 1057 бірлік стандарттық үлгі өндірді, оның ішінде салыстырып тексеруге арналған газ қоспаларының, металл иондары құрамының, хлорорганикалық пестицидтердің, топырақ құрамының, астық пен астық өнімдерінің ылғалдылығының, тығыздық пен тұтқырлықтың стандарттық үлгілері, сондай-ақ басқа да стандарттық үлгілер дайындалды. Бұдан басқа, қаттылықтың 54 өлшемі дайындалып, өткізілді.

2026 жылдың 6 айында мемлекеттік эталондарды халықаралық салыстырудың 4 тақырыбына қатысу қамтамасыз етілді:

- COOMET.QM-K118b «Түйінді салыстырулар «Табиғи газ»» тақырыбы бойынша газ орталарындағы компоненттердің мольдік үлесі бірлігінің мемлекеттік эталоны (пилот – «ВНИИМ» ФМУК), ол бойынша өлшеулер II тоқсанда жүргізіліп, өлшеу хаттамасы дайындалуда;

- COOMET 874/RU-a/23 «Электростатикалық өріс кернеулігі бірлігінің қосымша салыстырулары» тақырыбы бойынша электростатикалық өріс кернеулігі бірлігінің мемлекеттік жұмыс эталоны (пилот – «ВНИИФТРИ» ФМУК), өлшеулер 2026 жылдың I тоқсанында жүргізілді;

- COOMET.PR-K6.2024 «Бағытталған өткізу қабілетінің спектрлік коэффициенті» тақырыбы бойынша түс және түстілік координаталарының мемлекеттік эталоны (пилот – «ВНИИОФИ» ФМУК), өлшеулер I тоқсанда жүргізілді;

- COOMET 933/RU/25 «Жазық бұрыш бірлігінің ұлттық эталондарының қосымша салыстырулары» тақырыбы бойынша жазық бұрыш бірлігінің мемлекеттік эталоны (пилот – «ВНИИМ» ФМУК), ол бойынша маусым айында салыстыру объектісі қабылданып, өлшеулер жүргізілуде.

Өлшемдер мен салмақтар жөніндегі халықаралық бюроның (Key Comparison Database, KCDB) негізгі салыстырулар халықаралық деректер базасында шық нүктесі/қырау нүктесі температурасының мемлекеттік эталоны бойынша минус 50 °С-тан 20 °С-қа дейінгі өлшеу диапазонында шық нүктесі генераторлары үшін калибрлеу және өлшеу мүмкіндіктері (Calibration and Measurement Capabilities, CMC-жолдары) туралы үш жазба жарияланды. CMC-жолдарына сараптаманы Жапония, Қытай, Франция және Коста-Рика елдерінің техникалық сарапшылары жүргізді.

2026 жылғы маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Өлшемдер мен салмақтар жөніндегі халықаралық комитеттің ұлттық эталондар мен калибрлеу және өлшеу сертификаттарын өзара тану туралы келісіміне (CIPM MRA) қатысушы 104 елдің ішінде 125 халықаралық деңгейде танылған калибрлеу және өлшеу мүмкіндігімен 45-орында тұр.

Сондай-ақ 2026 жылғы 8–10 шілде аралығында Қырғыз Республикасында өткен Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 69-отырысына қатысу қамтамасыз етілді.

Есепті тыңдау қорытындысы бойынша Комитет бюджеттік бағдарлама іс-шараларының орындалуын, сондай-ақ ұлттық эталондық базаны дамыту, өлшем бірлігін қамтамасыз ету және метрология саласында Қазақстан Республикасының халықаралық ұстанымдарын нығайту жөніндегі жүйелі жұмыстың жалғасуын атап өтті.