Қауіпсіз қаптама

Қауіпсіз қаптама

«Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» РММ-нің мамандары,  "Alpha Plast" ЖШС-нің өкілдерімен Кеден одағының 005/2011, "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы"техникалық регламент талаптарын түсіндіру бойынша жұмыс кездесуін өткізді.            Тасымалдау және сақтау кезінде тауарлар мен шикізаттың сақталуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қаптама қолданылады. Қаптама, қолданылатын материалдармен қаптама конструкциясына байланысты қатерді барынша азайтуды қамтамасыз ететіндей етіп жобалануға және дайындалуға тиіс.                  

Бүгінде нарықта тамақ өнімдерінің пластиктен жасалған орамдарының көп мөлшері ұсынылған. Пластикалық ыдыстар қолдануға ыңғайлы, бірақ адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін. Пластикалық ыдыспен өте сақ болыңыз. Дұрыс пайдалану үшін таңбаларды түсінуді және таңбалауды мұқият оқып үйрену маңызды. Белгілі бір жағдайларда пластикалық қаптамадан бөлінген улы заттар адам ағзасына енген кезде адам денсаулығына кері әсер етеді.            Осыған байланысты, техникалық регламент адамның өмірі мен денсаулығын, мүлкін, қоршаған ортаны, жануарлардың, өсімдіктердің өмірін немесе денсаулығын қорғау мақсатында қолдану мен орындауға арналған қаптаманың міндетті түрде сақтау, тасымалдау және жою процедураларына қатысты талаптарды белгілейді, қаптаманың қауіпсіздігіне байланысты, тұтынушыларды адастыратын әрекеттердің алдын алады.           

Айналымға шығар алдында пакеттің техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін растау рәсімінен өтуі керек екендігі нақтыланды. Қаптаманың сәйкестігін растау міндетті болып табылады және декларация түрінде жүзеге асырылады.             Сәйкестікті растау рәсімінен өткен қаптама өнімнің бірыңғай айналым белгісімен белгіленуі керек. Таңбалау міндетті түрде цифрлық кодты немесе пакет жасалған материалдың әріптік белгісін және сәйкес белгілерді қамтуы керек.
Сондай-ақ, жоспардан тыс тексерулерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі және субъектіге бару арқылы  профилактикалық бақылау және анықталған бұзушылық фактілері бойынша қолданылатын шаралар қарастырылды.            Қатысушылар қойған сұрақтарға, жан-жақты жауаптар берілді.