Алматыда ішкі нарықты қауіпсіз өніммен қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша «Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» РММ мен «QazCem» цемент және бетон өндірушілерінің Казақстандық ассоциациясы» ЗТБ арасында Меморандумға қол қойылды

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті ішкі нарықты қауіпсіз өніммен қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимыл, тұтынушыларды Алматы қаласының аумағына әкелінетін және өткізілетін қауіпсіз емес және сапасыз өнімнен қорғау мақсатында өзара ақпарат алмасу мәселелері бойынша «QazCem» цемент және бетон өндірушілерінің Казақстандық ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігімен  Меморандумға қол қойды.

Осы Меморандум шеңберінде жүзеге жүзеге асырылатын ынтымақтастықтың мынадай нысандары болуы мүмкін:

- серіктестік қатынастарды тиімді дамыту үшін күш-жігерді үйлестіру;

- арнайы семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, жұмыс кездесулері және басқада тиісті бірлескен іс-шаралар өткізу арқылы өкілдерді, мамандар мен сарапшыларды оқыту, біліктілігін арттыру;

- өнім қауіпсіздігіне байланысты баспасөз конференцияларына, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу;

- Техникалық реттеу және метрология саласындағы қолданыстағы заңнаманы түсіндіру;

- өзара мүдделілікті білдіретін және тараптар арасында келісілген ынтымақтастықтың өзге де нысандары.