«Казэкспоаудит» ЖШС-не заңнама талаптары түсіндірілді

«Казэкспоаудит» ЖШС-не заңнама талаптары түсіндірілді

Бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу аясында, Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары акредиттеу субъектісі «Казэкспоаудит» ЖШС-не техникалық реттеу, метрология және аккредиттеу саласындағы заңнамалардың талаптарын түсіндірді.

«Казэкспоаудит» ЖШС-нің сәйкестікті рәсімдеу органы мен  сынақ орталығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік аккредиттеу жүйесінде мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін рәсімдеу бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына «ҰАО» ЖШС-мен аккредиттелген.

Мемлекеттік инспектор Құралбек Қызғарин Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» және «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» заңдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық одақтың сәйкестікті рәсімдеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын түсіндірді.

СРО мен СО мамандарына сәйкестікті міндетті растау кезінде өнімнің адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық регламенттердің, нақты стандарттардың міндетті талаптарына сәйкестігі, объектінің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты тұтынушылардың адасуына әкеп соғатын әрекеттердің алдын алу расталатынын түсіндірілді.

Сондай-ақ өнімнің сәйкестендіруін жүргізуге мүмкіндік беретін сынау әдістері мен әдістемелерін, атап айтқанда шығу тегін, сыныптау тобына, нақты партияға қатыстылығын, өнімге арналған техникалық құжаттамада баяндалған талаптарға сәйкестігін, сыналатын өнімнің сипаттамасын, өнімнің азаматтардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне, қоршаған ортаға зиян мен залал келтіруге қатысты оған қойылатын белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін дұрыс таңдау туралы жеткізілді.

Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы аудиторларға өнімнің сәйкестігін растау рәсімін жүргізу ережелерін бұзғаны үшін жеке жауапкершілік туралы ақпарат жеткізілді.

«Қазэкспоаудит» ЖШС мамандары өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, жұмыс істеу үшін толық және жан-жақты жауаптар мен ұсыныстар алды.