МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ КОМИССИЯ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ САПАРЛАРЫ ТУРАЛЫ

 МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ КОМИССИЯ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ САПАРЛАРЫ ТУРАЛЫ

Мемлекеттік рәміздер бойынша облыстық комиссиясының кезекті отырысына мемлекеттік рәміздерді насихаттаумен қолдау мәселесін  қарастырылуына байланысты, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ж.Әбішев бекіткен сапар кестесіне сәйкес, 2016 жылдың сәуір және мамыр айларында мемлекеттік рәміздер бойынша облыстық комиссияның жұмыс тобы Қарағанды қаласында және Қарағанды облысында орналасқан мемлекеттік органдар және ұйымдарын қарады. Жұмыс тобының сапарына ТРМК Департаменттің бас маманы Н. Сатыбалдинов қатысты.

Сапар барысында 36 мемлекеттік ұйымдар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық заңына сәйкестігін тексерілді, сол уақытта ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» жаңа стандарттың күшіне енуі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ғимараттарда, басшының кабинеттерінде және жалпы көрініске қолайлы жерлерде орналасқан мемлекеттік рәміздерді орнату дұрыстығына, мемлекеттік заңды тұлғалар орналасқан жерлердің мемлекеттік рәміздер қойылымына арналған орындар болуына айрықша көңіл бөлінді. Орнатылған мемлекеттік рәміздер ұлттық стандарттарға сәйкестігі қаралды. Бүгінігі уақытқа дейін бірен-саран мемлекеттік органдарда табиғи тозуына байланысты туындайтын (нақыстар, жарық, таптар, бояу тектестіктер және басқалар) ақаулары бар мемлекеттік рәміздер қолдану фактілері кездесті. Кейбір мемлекеттік органдар стандарттардың маңызды өзгертулерін есепке алмай жасаған елтаңбалы мөрлеріне ие және ұйымдардың ресми бланкілері ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының қара-ақ түсті бейнемен жасалған, рәміздің элементтері анық басылмаған анықталды.

Айтылған ескертулер тексеру аңықтамасына кіргізіліп мемлекеттік рәміздер бойынша облыстық комиссиясының отырысына қарастырылуға  бағытталды.