СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

2016 жылдың 12 мамыр күні Семейде «Семей қаласының медициналық қызметкерлеріне арналған өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы заңнамаларын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Дөңгелек үстелді Техникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша департаментінің бас мамандары Арай Байзақовамен Мұхтар Елеусизовтің қатысуымен, «Семей қаласының наркологиялық диспансері» ШЖҚ МКК мекемесінде өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты -  аға және кіші медицина қызметкерлерінің, өлшеу құралдары мен медициналық құрал-жабдықтарды метрологиялық қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың біліктілігін арттыру. 

Медициналық приборларға өлшеуіш құралдар ретінде қандай метрологиялық талаптар қойылатыны белгілі. Көп жағдайда медициан қызметкерлері бұл мәселенің маңыздылығына назар аудара бермейді немесе медициналық өлшеу құралдарына қатысты заңнамалардың талаптарын білмейді. Қазақстан Республикасының «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» заңнамасына сәйкес диагностикалау және емдеуде қолданылатын өлшеу құралдары міндетті түрде тексеруден өтеді. Қазақстан Республикасының «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» заңнамасын бұзушы кінәлі тұлғалар заң бойынша жауапқа тартылады.