ӨНІМДІ КАТАЛОГТАУ ЖҮЙЕСІ

ӨНІМДІ КАТАЛОГТАУ ЖҮЙЕСІ

Өнімді каталогтау жүйесі техникалық реттеу субъектілерін отандық өнімнің сипаттамалары және дайындаушылары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Өнімді каталогтау жүйесін құрудың негізгі міндеттері:

- қызығушылық танытқан мемлекеттік басқару органдарымен, заңды және жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасынджа өңдірілген өнім, оның негізгі сипаттамалары, өнімді өндірушілер, қолданылатын нормативтік немесе техникалық құжаттар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

- шығарылатын өнімді есепке алу және жаңа өнімге қажеттіліктерін есепке алу;

- өнімнің тиімді атау тізімін нысандау және оны жобалауға, сатып алуға және техникалық күтіп-баптауға кеткен мемлекет шы,ғындарын қыстарту;

- Қазақстан Республикасында шығарылатын өнім каталогтарын құру және жаңарту.

Өнімді каталогтау жүйесінде тіркеуге: 1) өнімнің тәжірибелік үлгілері (тәжірибелік топтары), өнімнің белгіленген сериялары, 2) бірлі-жарым өндіріс өнімі, авторлық құқық объектілері, кәдесыйлар, өнімнің құрамдас бөліктері жатпайды.

Өнімді каталогтау жүйесінде тіркелуге жататын өнімді өндірушілер уәкілетті органға өндірілген (өндірілетін) өнім туралы мәліметтерді өнімнің каталог парағында қағаз және электрондық жеткізгіштерде қазақ және орыс тілдерінде ұсынады. Өндіруші Қазақстан Республикасында шығарылатын өнімдер туралы ақпараттарды алдын – ала электрондық түрде уәкілеттік органға жібереді. Қазақстан Республикасында шығарылатын өнімдер туралы ақпараттар ҚР СТ 1.11 стандартында көрсетілген пішімде өнімнің каталогтау парағымен береді.

Уәкілетті орган каталог парағын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде: каталог парағын толтырудың дұрыстығын және онда көрсетілген мәліметтердің анықтығын тексереді, бұзушылықтар болмаған жағдайда шығарылатын өнім туралы мәліметтерді өнімді каталогтау жүйесіне енгізеді және өндірушінің каталог парағында көрсетілген электрондық мекенжайына, берілген тіркеу нөмірін көрсете отырып, олардың өнімді каталогтау жүйесіне енгізілгені (қосылғаны) туралы хабарлама жібереді, каталог парағында толық емес не анық емес мәліметтер ұсынылу фактісі анықталған жағдайда, тіркеуден дәлелді жазбаша түрде бас тарту туралы ақпарат жіберіледі. Өндіруші каталог парағындағы көрсетілген толық емес, не анық емес мәліметтерді өзгерткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті өзгерістерді көрсете отырып, каталог парағын уәкілетті органға жібереді.

Өнімнің каталогтау парағын туралы толық ақпаратты Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша Департаментінен аласыздар. Біздің мекен жайымыз: Астана қаласы, Дүкенұлы көшесі, 31 үй, телефон 270741, электронды мекенжай gosnadzor_astana@mail.ru.

Қыстаубаева Азиза Қалиқызы, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы