ҚҰРЫЛЫС ӨНІМДЕРІНІҢ АЙНАЛЫС ШАРТТАРЫ ТУРАЛЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТАЛҚЫЛАДЫ

 ҚҰРЫЛЫС ӨНІМДЕРІНІҢ АЙНАЛЫС ШАРТТАРЫ ТУРАЛЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТАЛҚЫЛАДЫ

2018 жылдың 28 маусымында Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті құрылыс материалдарын сатумен айналысатын «ОЛВИ» ЖШС кәсіпкерлік субъектісіне барды.

Кездесудің мақсаты «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне сәйкес Қазақстан нарығындағы құрылыс өнімдерінің айналыс шарттары болды.

Осылайша, техникалық регламенттерді пайдалану кезінде нарық айналымында құрылыс өнімдері келесі ілеспе құжаттармен қамтамасыз етілуі керек – пайдалану нұсқаулығы, сапа төлқұжаты, техникалық немесе нормативті және басқа да зиянның ықтимал қауіптерін бағалау және тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдау үшін қажетті құжаттар.

Бұдан басқа, азаматтардың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған құрылыс материалдарымен қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек, сақтау мерзімінің немесе сақталу мерзімінің аяқталмауы, орауы бүлінбеген, пайдалану құжаттамасының толық жиынтығы болуы керек.

Тұтынушыларды құрылыс материалдары мен бұйымдармен қауіпсіз пайдалану үшін  ереже нұсқаулықтары, сатушыларға оларды сату тәртібі туралы ақпарат, одан әрі тексеру мақсатында тұтынушылардың шағымдарын тіркеу үшін нұсқаулықтармен қамтамасыздандыру тиіс.

Сонымен қатар, құрылыс өнімдерінің нарығындағы негізгі талаптарының бірі, сәйкестікті міндетті растауға жататын өнімдердің сәйкестікті растамай, нарық айналымына және сатылуға жол берілмеуі.

Кездесу қатысушыларын сәйкестікті бағалаудың міндетті үрдісінен өтуге тиісті құрылыс материалдарының атауларымен таныстырды және оларға «Міндетті сертификаттауға жататын құрылыс өнімдерінің тізбесін» ұсынды.