ТРМК ШҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ «ALTAY ENVIRONMENTAL MANAGEMENT» ЖШС БАРДЫ

 ТРМК ШҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ «ALTAY ENVIRONMENTAL MANAGEMENT» ЖШС БАРДЫ

ҚР ИДМ ТРМК ШҚО бойынша департаменті мамандары ағымдағы жылдың 10 шілдесінде техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнаманы түсіндіру мақсатында «ALTAY ENVIRONMENTAL MANAGEMENT» ЖШС-ның жұмысшыларымен кездесті.

Кәсіпорын күрделі жөндеу және реконструкциялау, жолдар мен теміржолдарды салу, топырақта арнайы жұмыстар жүргізу сияқты инженерлік желілер мен жүйелерді орнатумен айналысады.

 Кездесу барысында мамандар Қазақстан Республикасының метрологиялық қамтамасыздандыру, стандарттау және сертификаттау саласындағы заңнамасының талаптарын түсіндірді.

«Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» КО ТР талаптары, «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» ҚР ТР бойынша сәйкестікті растау рәсімдері туралы айтылды.

Сондай-ақ, бетонның қолданыстағы стандарттары мен сертификаттаудың сынау әдістері қарастырылды.

Кездесу соңында кәсіпорын басшылығы ұсынылған ақпарат үшін алғысын білдірді.