
2016 жылдың 25 наурызында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бiрiншi орынбасары Н.А. Сақтағановтың төрағалығымен Техникалық реттеу мәселелері бойынша Шығыс Қазақстан облысының (бұдан әрі - ШҚО) Аймақтық штабы отырысы өткізілді.
Отырыс шеңберінде мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша Қағиданың талаптары түсіндірілді.
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша «Қазақстан метрология институты» Шығыс Қазақстан филиалы РМК директоры Л.М. Антропова сөз сөйледі.
Мүдделі тараптар үшін отырыста Кеден одағының, Еуразиялық экономикалық одағының техникалық регламенттерінің дәлелді базасы бойынша мәселелер қарастырылды, атап айтқанда 2015 жылы түскен техникалық регламенттердің тізім ұсыныстары, сондай-ақ ас өнеркәсібі саласында жаңа мемлекетаралық стандарттармен танысу жүргізілді.
2016 жылға Техникалық реттеу мәселелері бойынша ШҚО Аймақтық штабының мақсаттары мен жаспарлары, ағымдағы жағдайы туралы ақпаратымен Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Қ. Құнафиянов сөз сөйледі.
Сонымен қатар, Аймақтық штабы отырысының аяқталуы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас мамандары Т.Е. Барабанова мен А.Е. Муқановаға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ә.Ө. Исекешевтің құрмет грамоталары табыс етілді.
