КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ «МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТУРАЛЫ» ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕРІНІҢ ЖАҢА ТІЗІМДЕРІН ТАЛҚЫЛАУ БАСТАЛДЫ

КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ «МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТУРАЛЫ» ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕРІНІҢ ЖАҢА ТІЗІМДЕРІН ТАЛҚЫЛАУ БАСТАЛДЫ

2018 жылғы 25 шілдеде ТРМК Қызылорда облысы бойынша департаменті Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының облыстық филиалымен бірлесіп, 039/2016 КО ТР «Минералды тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы» Кеден Одағының техникалық регламентін жүзеге асыру мақсатында жасалған стандарттар тізімінің жобаларын талқылауға арналған «дөңгелек үстел» өткізді.

Іс-шараға минералды тыңайтқыштарды жергілікті жеткізушілер мен облыстық басқармалар мен ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілердің өкілдері қатысты.

Шара барысында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жетекші маманы Жадыра Бектаева Кеден Одағының «Минералды тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентін жүзеге асыру мақсатында жасалған стандарттар тізімінің жобаларымен таныстырды.

Отырысқа қатысқан «Агрохимсервис С» ЖШС өкілдері ұнтақталған минералды тыңайтқыштан түйіршіктелген түрін шығаруға ниет білдірді. Кездесуде сондай-ақ минералды тыңайтқыштарды таңбалау, сақтау және тасымалдау туралы ережесі түсіндірілді. Және аталған мекемеден техникалық регламентін жүзеге асыру мақсатында жасалған стандарттар тізіміне ұсыныстар алынды.

РМК «ҚазСтИн» Қызылорда филиалының мамандары нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік біріңғай қоры туралы, мемлекеттік стандарттау жоспары, сапа менеджменті тақырыбына арналған семинарлар туралы ақпарат берді.