
2018 жылғы 26 шілдеде ТРМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті және Қазақстанның стандарттау және сертификаттау институтымен бірлесіп техникалық реттеу және метрология саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарын нақтылау мақсатында Есіл ауданының Покровка с. «Стрелец» ЖК-де болып қайтты.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар «Сүйық тыңайтқыштар. Алдын ала көрнекті тексеру және физикалық қасиеттерді анықтау үшін үлгілерді дайындау» МЕМСТ ISO 10249-2016, «Органикалық тыңайтқыштар. Терминдер мен анықтамалар» ҚР СТ МЕМСТ Р 53042-2010 қарастырды.
«Стрелец» ЖК 2016 жылы қараша айында құрылды. Кәсіпорын биотыңайтқыш шығарады. Тыңайтқыш барлық өсімдіктерге қолдануға қолайлы, макро және микро элементтермен байытады.
Кездесу қорытындысы бойынша бас маман – мемлекеттік бақылау жөніндегі СҚО бойынша мемлекеттік инспекторы Екатерина Паршина шығаратын өнімге қатысты керекті нормативтік құжаттарды қолдану туралы ұсынымдар берді.